Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің тарихы 1928 жылдан басталады. Университет бастапқыда педагогикалық кадрлар даярлауға бағытталса, бүгінде білім беру бағыттары әлдеқайда кеңейген.
Мұнда педагогика және психологиямен қатар, филология, математика, физика, информатика, биология, химия, география, экология, өнер, тарих және құқық сияқты бағыттарды кездестіруге болады. Университеттің ресми мәліметтерінде информатика және робототехника, биотехнология, туризм сияқты бағдарламалар да көрсетілген.
Құжат тапсырмас бұрын нені білу керек?
Абай университетіне бакалавриатқа қабылдау ҰБТ нәтижелері мен таңдалған білім беру бағдарламасына қойылатын талаптарға байланысты жүзеге асырылады. Университеттің қабылдау комиссиясы 20 маусымнан 25 тамызға дейін жұмыс істейді.
Кейбір бағдарламаларға түсушілер үшін қосымша кезеңдер қарастырылған. Мысалы, педагогикалық бағыттарға түсушілер үшін арнайы педагогикалық емтихан, ал шығармашылық бағыттарды таңдаған талапкерлер үшін шығармашылық емтихандар өткізіледі. Сондықтан өзің таңдаған білім беру бағдарламасының талаптарын алдын ала тексерген дұрыс.
Мемлекеттік білім беру грантына қатысу үшін 2026 жылы өтініштер 13-20 шілде аралығында қабылданды. Грант конкурсына қатысу тәртібі мен талаптары жыл сайын өзгеруі мүмкін, сондықтан актуалды ақпаратты университеттің ресми сайтынан тексеру маңызды.
Өзіңізге ұнайтын бағдарламаны қалай табуға болады?
Мысалы, сіз биологияға қызығасыз делік. Бірден университетке емес, алдымен осы саладағы қандай бағдарламалар бар екеніне қараған дұрыс. Сізге педагогикалық бағыт ұнауы мүмкін, ал басқа талапкерге биотехнология жақынырақ болуы мүмкін.
Дәл осы жерде Q App-ты пайдалануға болады.
Q App-та университеттер мен олардың білім беру бағдарламаларын қарап шығуға болады. Яғни алдымен Абай университетін тауып, оның қандай бағыттар ұсынатынын зерттейсіз. Кейін дәл сол қызығушылығыңызға сәйкес басқа университеттердегі бағдарламаларды да қарап, салыстыра аласыз.
Бұл әсіресе қай университетке түсетінін әлі нақты шешпеген талапкерлерге ыңғайлы. Бірнеше сайтты ашып, ақпаратты бөлек-бөлек жинап отырудың орнына, іздеуді Q App арқылы бастауға болады.
Абай Университетіне түсу үшін қандай құжаттар қажет?
Бакалавриатқа түсушілерге әдетте мына құжаттар қажет:
Білімі туралы құжат — орта білім туралы аттестат немесе колледж дипломы (түпнұсқасы және қосымшасымен);
ҰБТ сертификаты;
Жеке куәліктің көшірмесі;
Белгіленген үлгідегі медициналық анықтама (075-У);
3×4 көлеміндегі фотосуреттер;
Оқуға түсу туралы өтініш.
Педагогикалық және арнайы дайындықты талап ететін кейбір білім беру бағдарламаларына түсушілерге педагогикалық, арнайы немесе шығармашылық емтихан нәтижесі қажет болуы мүмкін.
Құжаттарды қалай беруге болады?
Құжаттарды:
университеттің қабылдау комиссиясына жеке;
сенімді өкіл арқылы;
электронды цифрлық форматта;
университеттің талапкерлерге арналған онлайн жүйесі арқылы беруге болады.
Қазақстан бойынша жалпы қабылдау ережелеріне сәйкес, құжаттарды eGov арқылы да электронды түрде тапсыруға болады.
Q App арқылы қалай өтініш беруге болады?
Q App — Қазақстандағы университеттерге онлайн құжат тапсыруға мүмкіндік беретін платформа. Тіркелу және университеттер туралы ақпаратты қарау тегін. Құжаттарды тапсыру құны — 5 университетке дейінгі пакет үшін 9840 теңге.
Басты артықшылығы — бір өтініш арқылы 5 университетке дейін таңдап, құжаттарды қатар жіберуге болады. Осылайша бір ғана университетке тәуелді болмай, бірнеше сәйкес бағдарламаны қарастыруға мүмкіндік бар.
Құжат тапсыру 6 қадамнан тұрады:
qapps.kz сайтына кіресің.
Профиль жасап, қажетті құжаттарды жүктейсің.
Тізімнен 5 университетке дейін және білім беру бағдарламаларын таңдайсың.
ҰБТ нәтижелеріңді тіркейсің.
«Тапсыру» батырмасын басып, өтінішті таңдалған университеттерге жібересің.
Жеке кабинет арқылы өтініштің мәртебесін бақылайсың.
Құжат тапсыру толықтай онлайн жүргізіледі. Университетке жеке келу тек оқуға қабылдану кезеңінде қажет болады.
Өтінімдер әдетте 25 тамызға дейінқабылданады.
Егер сұрақтар туындаса, қолдау қызметі күн сайын 09:00–21:00 аралығында жұмыс істейді.
Маңызды: егер таңдаған білім беру бағдарламаңызда ішкі немесе тілдік емтиханқарастырылған болса, оны университет белгілеген кестеге сәйкес бөлек тапсыру қажет. Онлайн құжат тапсыру бұл кезеңді алмастырмайды.
Практикалық кеңестер
Барлық құжаттардың скан-нұсқаларын алдын ала дайындап қойыңыз — бұл өтініш беру процесін жылдам әрі ыңғайлы етеді.
Өзіңіз таңдаған білім беру бағдарламасы бойынша ҰБТ-ның шекті балын және қосымша емтихан талаптарын алдын ала тексеріңіз.
Егер педагогикалық немесе шығармашылық бағытты таңдасаңыз, арнайы емтиханның нақты күндерін алдын ала біліп алыңыз. Мұндай емтихандардың мерзімі жалпы құжат қабылдау мерзімінен өзгеше болуы мүмкін.
Бір өтініште берілетін 5 мүмкіндіктің барлығын пайдаланыңыз: негізгі таңдаған университетіңізбен қатар балама нұсқаларды да қосу оқуға түсу мүмкіндігін арттыруға көмектеседі.
Құжат тапсыруды соңғы күндерге қалдырмаңыз. Қажетті құжаттар мен емтихан мерзімдерін алдын ала тексеріп, өтінішті ертерек берген дұрыс.
Жиі қойылатын сұрақтар
Абай университетіне түсу үшін қанша балл қажет?
Қажетті шекті балл таңдалған білім беру бағдарламасына байланысты болады. Мысалы, университеттің қабылдау комиссиясы кейбір бағдарламалар бойынша нақты шекті балдарды жеке көрсетеді. Сондықтан құжат тапсырар алдында өз бағдарламаң бойынша актуалды талаптарды қабылдау комиссиясынан нақтылаған дұрыс.
Q App арқылы бір өтінішпен қанша университетке құжат тапсыруға болады?
Бір пакет арқылы 5 университетке дейінөтініш беруге болады. Бұл бір ғана университетке тәуелді болмай, бірнеше сәйкес білім беру бағдарламасына қатар өтініш беруге және өзіңе қолайлы нұсқаны таңдауға мүмкіндік береді.