Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті — Қазақстандағы тарихы терең әрі ғылыми дәстүрі қалыптасқан жоғары оқу орындарының бірі. Университет 1934 жылы құрылған: алғашқы жылы мұнда 54 студент физика-математика және биология факультеттерінде білім ала бастаған. Бүгінде ҚазҰУ-да IT, жаратылыстану ғылымдары, экономика, құқық, медицина, халықаралық қатынастар, журналистика, филология және басқа да көптеген бағыттар бойынша білім алуға болады.
ҚазҰУ туралы өтініш бермес бұрын не білу керек
ҚазҰУ-дың басты ерекшеліктерінің бірі — білім беру бағыттарының кеңдігі. Университеттің ресми сайтындаАқпараттық технологиялар және жасанды интеллект, Биология және биотехнология, География және табиғатты пайдалану, Журналистика, Заң, Медицина және денсаулық сақтау, Механика-математика, Тарих, Физика-техникалық, Филология, Философия және саясаттану, Халықаралық қатынастар, Химия және химиялық технология, Шығыстану факультеттері, сондай-ақ Экономика және бизнес жоғары мектебі мен Al-Farabi Business School көрсетілген.
Мысалы, IT бағытын таңдаған талапкерлер үшінАқпараттық технологиялар факультетінде ақпараттық қауіпсіздік жүйелері сияқты бағдарламалар бар. Факультет құрамында Ақпараттық жүйелер, Компьютерлік ғылымдар, Жасанды интеллект және Big Data, Киберқауіпсіздік және криптология кафедралары жұмыс істейді.
2026–2027 оқу жылында университет бакалавриат бағдарламаларының қатарын бірнеше жаңа бағытпен толықтырды.Олардың арасында
«Тау-кен ісі және пайдалы қазбаларды өндіру»
«Халықаралық экономикалық қатынастар»
«Қоғаммен байланыс»
«Жылу энергетикасы»
«Математикалық және компьютерлік модельдеу»
«Сәулет»
бағыттар бар.
Сондықтан ҚазҰУ-ға құжат тапсырмас нақты білім беру бағдарламасына қараған дұрыс. Қабылдау талаптары мен пәндер комбинациясы таңдаған бағдарламаға байланысты болуы мүмкін.
ҚазҰУ-дың қандай мүмкіндіктері бар
ҚазҰУ-дың ресми деректеріне сәйкес, QS World University Rankings 2026 рейтингінде университет 166-орынға ие болса,QS Asia University Rankings 2026 рейтингінде ҚазҰУ 38-орында тұр.
2026 жылғы QS пәндік рейтингтерінде университет Қазақстан бойынша ең көп позицияға ие оқу орны ретінде 4 салалық және 23 пәндік рейтингке енгенін ҚазҰУ-дың баспасөз қызметі хабарлады.
ҚазҰУ-ға құжат қалай тапсырылады
2026–2027 оқу жылына ҚазҰУ-дың қабылдау комиссиясы 1 маусымнан бастап жұмысын бастады.
Құжаттарды тапсыруға дайындалғанда, ең алдымен таңдаған бағдарламаңыздың нақты талаптарын тексеріңіз. Құжаттар тізімі мен қабылдау шарттары білім деңгейіне және білім беру бағдарламасына қарай өзгеруі мүмкін.
Егер бірнеше университетті қатар қарастырып жүрсеңіз, әроқу орнының сайтында жеке тіркеліп, бір ақпаратты қайта-қайта енгізу уақыт алуы мүмкін. Осындай жағдайда Q App арқылы өтініш беру ыңғайлы болуы мүмкін: профильді бір рет толтырып, қажетті университеттер мен бағдарламаларды таңдап, құжаттарды онлайн жіберуге болады.
ҚАЗҰУ-ға түсу үшін қандай құжаттар қажет?
ҰБТ сертификаты;
Орта білім туралы аттестат немесе диплом (көшірмесі мен түпнұсқасы).
Жеке куәліктің (көшірмесі мен түпнұсқасы).
Белгіленген үлгідегі медициналық анықтама;
3×4 өлшеміндегі 6 дана фотосурет;
Жеңілдіктер мен квоталарды растайтын құжаттар көшінмесі мен түпнұсқасы (ауылдық квота, көпбалалы отбасылар және т.б.) — бар болса.
Q App арқылы қалай өтініш беруге болады
Q App — Қазақстан университеттеріне онлайн өтініш беруге арналған платформа. Оның көмегімен талапкер ақпаратын бір рет енгізіп, бірнеше университетке өтініш жіберу мүмкіндігін пайдалана алады.
Өтініш беру процесі бірнеше қадамнан тұрады:
1.Q App платформасына кіріп, жеке профиль ашасыз.
2. Қажетті құжаттарды профильге жүктейсіз.
3. ҚазҰУ-ды және өзіңізге сәйкес білім беру бағдарламасын таңдайсыз.
4. Қажетті мәліметтерді енгізіп, өтінішті жібересіз.
5. Жеке кабинет арқылы өтінішіңіздің мәртебесін бақылайсыз.
Бұл тәсіл әсіресе ҚазҰУ-мен қатар басқа университеттерге де құжат тапсырғысы келетін талапкерлер үшін ыңғайлы. Бірнеше нұсқаны қатар қарастырып, өзіңізге сәйкес келетін бағдарламаларды салыстыруға мүмкіндік бар.
Талапкерлерге бірнеше пайдалы кеңес
• Бағдарламаны алдын ала таңдаңыз. ҚазҰУ-да бағыттар өте көп болғандықтан, университетті ғана емес, нақты білім беру бағдарламасын зерттеңіз.
• Қабылдау талаптарын тексеріңіз. Әсіресе ҰБТ пәндері мен бағдарламаға қойылатын арнайы талаптарға назар аударыңыз.
• Құжаттарды алдын ала дайындаңыз. Құжаттарды соңғы күнге қалдырмай, электронды нұсқаларын алдын ала дайындап қойған дұрыс.
• Бір ғана университетпен шектелмеңіз. Егер бірнеше оқу орнын қарастырып жүрсеңіз, олардың бағдарламалары мен талаптарын салыстырып, өзіңізге қолайлы бірнеше нұсқаны таңдаған жөн.
• Ақпаратты ресми дереккөзден тексеріңіз. Қабылдау мерзімі, грант саны және басқа талаптар жыл сайын өзгеруі мүмкін.