Торайғыров университеті
Стипендиялар
1 қол жетімдіҚайырымдылық бағдарлама «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының білім беру гранттары» (бұдан әрі – Бағдарлама) «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының білім беру гранттарын (бұдан әрі – Гранттар) тағайындау арқылы жоғары білімнің қолжетімділігін арттыруға бағытталған. Грант беру мыналарды көздейді: «бакалавр» дәрежесін бере отырып, күндізгі оқу нысаны бойынша жоғары білім алу құнын оқу мерзімінің толық кезеңіне өтеусіз төлеу; білім алушының тамақтану, тұру және оқу әдебиеттерін сатып алу шығындарын ішінара өтеу үшін жыл сайын 10 ай бойы (жазғы демалыс кезеңін қоспағанда) ай сайынғы ақшалай төлем түріндегі стипендия төлеу. Бағдарламаны қаржыландыру екі көзден жүзеге асырылады: «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының (бұдан әрі – Қор) қаражаты есебінен; Қордың нысаналы капиталының (эндаументінің) кірісі есебінен. Қор атынан Бағдарламаны әкімшілендіруді «Endowment Qazaqstan Halqyna» нысаналы капиталды (эндаументті) басқару компаниясы» корпоративтік қоры (бұдан әрі – Корпоративтік қор) жүзеге асырады. Бағдарламада қолданылатын ұғымдар Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген мағыналарда пайдаланылады.
Қосымша ақпарат алу үшін қабылдау комиссиясына хабарласыңыз
Өтінім беруге дайынсыз ба?
Өтінімді бастаңыз және орыңызды қамтамасыз етіңіз.